Астана — Ыстанбұл бағыты бойынша рейстер саны артты

Астана — Ыстанбұл бағыты бойынша рейстер саны артты
Фото: Pexels

Астана халықаралық әуежайынан Ыстанбұлға қатынайтын тұрақты рейстер саны көбейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұған дейін бұл бағыт бойынша аптасына 11 рейс орындалса, енді олардың саны 14-ке жетті. Осылайша, рейстер күн сайын екі рет орындалатын болды.

Рейс жиілігінің артуы жолаушыларға ұшу уақытын таңдауда қосымша мүмкіндік береді. Ыстанбұл арқылы Еуропа, Азия, Африка және Америка елдеріне әрі қарай ұшуға да болады.

Жазғы маусымда Астанадан Анталияға да күн сайын тікелей рейстер орындалады. Бұл Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының жазғы кезеңдегі мүмкіндіктерін кеңейтеді.