27 шілде мен 1 тамыз аралығында Орал қаласында өткен ҚР ТЖМ-нің жасөспірімдер арасындағы XV жазғы өрт сөндіру-құтқару спорты чемпионаты өтті. Астана қаласының құрама командасы жалпыкомандалық есепте күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елордалық спортшылар бірнеше дисциплинада жоғары нәтиже көрсетті. «Шабуыл сатысымен көтерілу» сайысында Назар Ефремов финалға шықты. 100 метрлік кедергілер жолағында Асет Хамза күміс, Алишер Амангелді қола жүлдеге ие болды.
Өрт эстафетасында Астана құрамасы чемпион атанып, алтын медальдарды Назар Ефремов, Асет Хамза, Абылайхан Алдаберген және Жақсылық Қалижан жеңіп алды. Ал жауынгерлік қанат жаю сайысында елордалық команда күміс жүлдені еншіледі.
Астана құрамасының жоғары нәтижесі спортшылардың кәсіби дайындығы мен командалық бірлігінің айқын көрінісі болды. Спортшылар мен жаттықтырушыларды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!