Петропавл қаласында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Елордалық балуандар жарысты жоғары деңгейде өткізіп, 155 ұпаймен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Чемпионат қорытындысы бойынша Астана құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, түйе балуан бәсекесінде Мейіржан Сламшайықов (+100 келі) күміс жүлдеге, ал Жасұлан Халхабаев (+100 келі) қола медальға ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Алтын медаль иегерлері:
* 60 келі – Нұрымқожа Алдаберген;
* 66 келі – Жанат Ерсаян.

Күміс жүлдегерлер:
* +100 келі – Жасұлан Халхабаев;
* Түйе балуан (+100 келі) – Мейіржан Сламшайықов.
Қола жүлдегерлер:
* 52 келі – Сапаргүл Мұхтарова;
* 60 келі – Диас Дәулет;
* +77 келі – Аңсаған Кашкеева;
* 100 келі – Мейіржан Сламшайықов;
* Түйе балуан (+100 келі) – Жасұлан Халхабаев.