Бас қаланың Сарайшық ауданы Ардагерлер кеңесінде «Аудан ардагерлеріне медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбында жиын өтті.
Іс-шараға Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнұр Тлеуова, Астана қаласы денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Валерий Шварц, қалалық емханалардың бас дәрігерлері мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ ауданның медицина ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, оларға түсіндірме және толыққанды жауаптар алды. Ардагерлер мен денсаулық сақтау саласының мамандары арасында ашық әрі шынайы диалог орнады. Ардагерлердің ұсынысы мен өтініші тыңдалып, медициналық қызмет көрсету және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Ардагерлер медицина қызметкерлеріне еңбегі мен көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғысын білдірді. Олар қала дамып, халық саны артып келе жатқанын, сонымен қатар бірлесіп шешуді қажет ететін жаңа міндеттер туындайтынын атап өтті. Соңында аудан ардагері Жеңіс Бекбасовқа Қазақстан Республикасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың қолы қойылған «Қазақстан Республикасының құрметті ардагері» медалі табысталды.
Омархан Бірімжан,
Астана қаласы Сарайшық
аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы