Бүгін «АЛЖИР» мемориалды музей кешенінің ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында РММ «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5573 әскери бөлімімен» бірлесіп, музейдің аумағында алма ағаштарын отырғызды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, кезінде «АЛЖИР» тұтқындары отырғызған алма бағын қалпына келтіру.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға бір минут үнсіздік жарияланды.
Әскери бөлімінің командирі Жандар Әбдуәлиұлы Әшірбеков және Бірлескен мұражайлар директорының орынбасары Дәулеткерей Кәпұлы кіріспе сөз сөйледі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтары атынан 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған қоғам және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың немересі Бекзат Құрманқызы Сәдуақасова сөз сөйледі.
Іс-шара соңында «Алаш» бағының аумағында алма ағаштары отырғызылып, «Алаш» әйелдерінің ісі жалғасын тапты деген ойдамыз.
