Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының өкілі Асем Орынбай Катардың Доха қаласында өтіп жатқан ISSF стенд атудан әлем чемпионатының финалында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әйелдер арасындағы «скит» жаттығуының қорытынды кезеңінде қазақстандық спортшы 5-орынға ие болып, 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға арналған лицензиялық жолдаманы жеңіп алды.
Бұл нәтиже – Қазақстанның спорттық ату саласындағы маңызды жетістіктерінің бірі әрі отандық спортшыларымыздың халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейінің кезекті дәлелі.
Әсем Орынбайды, жаттықтырушылар құрамын және бүкіл команданы осындай маңызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1–14 қараша аралығында Катардың Доха қаласында ISSF спорттық атудан әлем чемпионаты өтуде. Байрақты додаға 90 елден 1000-нан астам спортшы қатысуда! Қазақстан ұлттық құрамасының атынан стенд атудан 12 спортшы, нысана көздеуден 18 спортшы өнер көрсетуде.
Алға, Қазақстан! Олимпиада шыңдарын бірге бағындырайық!