ALT көлік колледжінде дөңгелек үстел өтті

ALT көлік колледжінде дөңгелек үстел өтті
М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі

Астанада М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжінде дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиын тақырыбы - «Еңбек нарығының өзгеруі жағдайында колледж бен жұмыс берушілердің стратегиялық серіктестігі: болашақ мамандарды даярлауда күш-жігерді біріктіру».

Аталған іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі мен өндіріс саласы өкілдері арасында өзара пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Кездесуге көлік және теміржол саласындағы жетекші кәсіпорындардың басшылары, әлеуметтік серіктестер мен колледж әкімшілігі қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – еңбек нарығының заманауи талаптарына сай білікті мамандар даярлау үшін білім беру ұйымдары мен өндіріс орындарының күш-жігерін біріктіру, сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындау.

Кездесуде колледж директоры Әлішер Жұмаділдин сөз алып, қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау жұмыс берушілердің білім беру процесіне тікелей қатысуынсыз мүмкін еместігін атап өтті. 
Дөңгелек үстел барысында кәсіби кадрлар даярлаудың өзекті мәселелеріне арналған мазмұнды баяндамалар жасап, теориялық білім мен практикалық дайындықты өзара ұштастыратын заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға, студенттердің озық технологияларды пайдалана отырып, болашақ мамандығын терең меңгеруіне ықпал етерін сөз етті.

Ашық пікір алмасу барысында жұмыс берушілер колледжбен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, сапалы өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға, дуальды оқытуды кеңейтуге және кәсіпорындар үшін кадрлық резерв қалыптастыруға қызығушылық білдірді. Қатысушылар дәстүрлі ынтымақтастық түрлерінен білім беру мен өндірісті тығыз байланыстыратын жаңа серіктестік үлгісіне көшу қажеттігін атап өтті. 
Кездесуде кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып, мамандандырылған оқу кабинеттерін ашу, оқу симуляторларын пайдалануға беру және педагогтердің тағылымдамаларын ұйымдастыру перспективалары өндіріс орындарының сапалы кәсіптік білім беруді дамытуға мүдделі екенін аңғартты.

М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі жұмыс берушілермен байланысты жүйелі түрде нығайтып, студенттерге, педагогтерге және әлеуметтік серіктестерге жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.