Айналма жолы 3 күнге жабылады

Айналма жолы 3 күнге жабылады

ҚазАвтоЖол елорданың айналма жолында көлік қозғалысына тыйым салынатынын хабарлады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/


ҚазАвтоЖол 24 қыркүйектен бастап 27 қыркүйекке дейінгі аралықта Р-10 Астана айналма жолының 46-53 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

«Осыған байланысты Р-10 Астана айналма жолының 46-53 шақырымы аралығында қозғалысқа шектеу қойылады» делінген компания таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, мұның алдында Астананың айналма жолының 30-36 шақырым аралығы 14 қыркүйектен 1 қазанға дейін екі аптаға жабылғанын хабарлаған болатынбыз.