Сарайшық ауданында аялдама кешендерінде орнатылған бейнебақылау камераларына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Мониторинг барысында аялдама кешенінің бүлінгені анықталды. «Сарайшық» ауданының Полиция басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жұмыстары нәтижесінде аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар 2 мектеп оқушысы анықталды.
Осы факті бойынша оқушының ата-анасымен балаларды тиісті деңгейде бақылау және тәрбиелеудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес тиісті хаттама толтырылды.
"Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды қалалық инфрақұрылым нысандарына және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға шақырамыз. Вандалдық әрекеттерге, адамның жасына қарамастан, жол берілмеуі тиіс", - дейді тәртіп сақшылары.