Заңда көзделген әлеуметтік қолдауға қол жеткізуге жағдай жасалады

Заңда көзделген әлеуметтік қолдауға қол жеткізуге жағдай жасалады
фото: Aqorda

Қазақстан Конституциясында әлеуметтік мемлекет қағидаты бекітілген. Бұл азаматтардың білім алуына, еңбек етуіне, денсаулығын қорғауына және заңда көзделген әлеуметтік қолдауға қол жеткізуіне жағдай жасауды білдіреді.

Конституциялық кепілдіктердің маңызы олардың нақты өмірде жүзеге асуынан көрінеді. Мәселен, жаңа мектептердің ашылуы, медициналық ұйымдардың қолжетімділігі, жұмыс орындарының құрылуы және кәсіби білім беру мүмкіндіктерінің кеңеюі-осы бағыттағы маңызды мәселелер. Сондықтан әлеуметтік құқықтарды түсіндіруде тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететін нақты мысалдарға басымдық беру қажет..