Ағза донорлығына қатысты өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті

Ағза донорлығына қатысты өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті
фото: Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Астанада трансплантациялық көмекті дамыту және ағза донорлығына қатысты өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту, донорлық үйлестіру жұмысы, сондай-ақ халықты ақпараттандыру және донорлыққа деген сенімді арттыру мәселелері талқыланды.

Медицина қызметкерлері мен елорда тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта Ұлттық трансплантация орталығымен, қоғамдық ұйымдармен және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жүргізілуде.

Әрбір азаматтың қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға қатысты өз шешімін білдіру мүмкіндігі – саналы таңдау жасаудың маңызды тетігі. Азаматтар eGov порталы арқылы донорлыққа келісімін немесе одан бас тартуын рәсімдей алады.

Ұзақ уақыт бойы трансплантацияны күтіп жүрген көптеген пациенттер үшін донорлықты дамыту ерекше маңызға ие. Әрбір күтілген үміттің артында адам өмірі, отбасы және қажетті медициналық көмекке қол жеткізуге деген үміт тұр.

Трансплантацияны және донорлық мәдениетті дамыту – медицина қауымдастығының, мемлекеттің және қоғамның ортақ жауапкершілігі. Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық басқа адамның өмірін сақтап қалуға және оған өмірін жалғастыруға мүмкіндік береді.