«Әдеп кодексі – кәсіби бедел мен азаматтардың сенімінің құралы» тақырыбында семинар өтті

«Әдеп кодексі – кәсіби бедел мен азаматтардың сенімінің құралы» тақырыбында семинар өтті
фото: ҚР Президенттік орталығы

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Президенттік орталығының корпоративтік мәдениетті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында «Әдеп кодексі – кәсіби бедел мен азаматтардың сенімінің құралы» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында Әдеп кодексінің негізгі қағидалары, оның жоғары корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудағы және қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін арттырудағы рөлі жан-жақты қарастырылды. Ұйымның кәсіби беделі әрбір қызметкердің күнделікті еңбегі мен қызметтік мінез-құлқының нәтижесінде қалыптасатынына ерекше назар аударылды. Қатысушылар кәсібилік, құрмет, жауапкершілік және адалдық сияқты негізгі корпоративтік құндылықтарды, сондай-ақ әділдік, ашықтық және меритократия қағидаттарын талқылады.

Семинар аясында Әдеп кодексі нормаларын күнделікті қызмет барысында қолданудың практикалық аспектілері, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастырудағы басшының рөлі, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби мінез-құлқының ұйымның және тұтастай мемлекеттің беделіне ықпалы қарастырылды. Іс-шара қорытындысында қатысушылар әдеп нормаларын сақтау – жай ғана формальды талап емес, мемлекеттік қызметтің тиімділігін қамтамасыз етудің, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудың маңызды шарты екенін атап өтті. Осындай іс-шараларды өткізу бірыңғай корпоративтік мәдениетті дамытуға, қызметкерлердің құқықтық және этикалық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына ведомстволық бағынысты ұйымдардың орнықты кәсіби беделін қалыптастыруға ықпал етеді.