Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде айқындайды. Бұл бағытта азаматтардың конституциялық құқықтарының мазмұнын, олардың күнделікті өмірдегі маңызын және заңмен қорғалу тетіктерін кеңінен түсіндіру маңызды.
Атап айтқанда, жеке бас бостандығы, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау, білім алу, еңбек ету, медициналық көмекке қол жеткізу және жеке өмірге қол сұғылмаушылық мәселелеріне басымдық берілуі мүмкін. Сонымен қатар цифрлық технологиялар дамыған кезеңде дербес деректерді қорғау мен ақпараттық қауіпсіздіктің маңызын ашу қажет. Негізгі мақсат-Конституцияда бекітілген құқықтардың әрбір азаматтың күнделікті өмірінде нақты көрініс табатынын көрсету.