Экология мәселесі бүгінде тек қоршаған ортаны қорғау саласының міндеті емес. Ол халықтың денсаулығына, қалалардың өмір сүру сапасына және келешек ұрпақтың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жаңа Конституцияның 37-бабында Қазақстан азаматтарының табиғатты сақтау және табиғи байлықтарға ұқыпты қарау міндеті бекітілген. Ал мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.
Осыған байланысты экологиялық мәдениетті қалыптастыруды тек сенбіліктер мен тазалық акцияларымен шектеуге болмайды. Қалдықтарды сұрыптау, су мен энергияны үнемдеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану күнделікті дағдыға айналуы қажет.