Білім алу – адамның болашағына, кәсіби таңдауына және қоғамдағы мүмкіндіктеріне тікелей әсер ететін маңызды құқықтардың бірі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Конституцияда Қазақстан азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында ақы төлемей орта білім алуына кепілдік берілген. Бастауыш және негізгі орта білім алу міндетті.
Сонымен бірге азаматтардың жоғары білім алу құқығы да бекітілген. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді, ал еліміздегі білім беру және тәрбие жүйесі, діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, зайырлы сипатта болады. Бұл талаптар білім беру саласындағы ортақ қағидаттарды айқындайды.