7 партиядан 546 үміткер бақ сынайды

7 партиядан 546 үміткер бақ сынайды

Құрылтай депутаттығына үміткерлерді ұсыну аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша 7 саяси партиядан барлығы 546 кандидат құжатын тапсырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Саяси партия­лардың партия­лық тізімі:

• «Ақ жол» демократиялық партиясы – 63 кандидат;

• «Ауыл» партиясы – 69 кандидат;

• «Әділет» саяси партиясы – 186 кандидат;

• «Байтақ» жасылдар партиясы – 47 кандидат;

• Қазақстан халық партия­сы – 72 кандидат;

• Жалпыұлттық социал-­демократиялық партиясы – 33 кандидат;

• Respublica партиясы – 76 кандидат.

«Қазір барлық партия ұсынған құжаттар кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-де аяқталады» деді ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов.