Нұра ауданындағы №226 сайлау учаскесіне аудандық белсенді өмір сүру орталығының мүшелері Әшім және Кенже Жылқайдаровтар алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауларын жасады.

Биыл шаңырақ көтергендеріне 55 жыл толған ерлі-зайыпты ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отыр. Олар ел өміріндегі саяси науқандарға үнемі белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті.

– Шаңырақ көтергенімізге 55 жыл болды. Ұл-қыз тәрбиелеп, немере өсіріп отырмыз. Елімізде болып жатқан саяси науқандарға ұдайы белсенді қатысып келеміз. Бұл – біздің азаматтық құқығымыз. Бүгін де Қазақстанның болашағы, жастарымыздың келешегі үшін өз таңдауымды жасадым, – деді Кенже апа.