2026 жылғы 8 шілдеден бастап нотариат туралы заңнамадағы өзгерістер: азаматтар үшін не өзгерді?

2026 жылғы 8 шілдеден бастап нотариат туралы заңнамадағы өзгерістер: азаматтар үшін не өзгерді?
фото: Астана қаласының әкімдігі

2026 жылғы 8 шілдеден бастап нотариат туралы заңнамадағы өзгерістер: азаматтар үшін не өзгерді? «Нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астана қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Бейсен Бақытжан Астана коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімет берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2026 жылғы 8 шілдеде «Нотариаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды. Заңмен нотариаттық қызмет туралы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, атқарушылық жазбаларды жасау, борышкерлерді хабардар ету тәртібі, аумақтықты сақтау, өтініштерді автоматты түрде бөлу, сондай-ақ нотариустардың қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі бойынша жаңа талаптар белгіленді.

2026 жылғы 8 қыркүйекке дейін нотариаттық әрекеттер (оның ішінде атқарушылық жазбаларды) жасау, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған нормаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап Заңда белгіленген жаңа талаптар қолданылады.

  1. АТҚАРУШЫЛЫҚ ЖАЗБАНЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІНДЕГІ НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР 

I. 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап нотариустың атқарушылық жазба жасау жөніндегі құзыретінен мынадай негіздерге сүйенген талаптар алып тасталады:

- мемлекеттік сатып алу туралы шарттар;

- «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қақастан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар бойынша жасалған шарттар.

Яғни, көрсетілген шарттардан туындайтын талаптар бұдан былай атқарушылық жазба жасау арқылы өндіріп алуға жатпайды және сот тәртібімен шешіледі.

Аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – АӘО) бақылауды жүзеге асыру кезінде берешектің туындауының құқықтық негізіне назар аударуға тиіс.

II. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар мен заңды тұлғалардың атқарушылық жазба жасау туралы өтініштері Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе (бұдан әрі – БНЦЖ) арқылы кездейсоқ (рандомды) таңдау тетігін пайдалана отырып, нотариустар арасында автоматты түрде бөлінетін болады.

Анықтама ретінде: 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін өндіріп алушылар өздері таңдаған нотариусқа дербес жүгінуді жалғастырады.

Тиісті өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгеннен кейін:

жеке тұлғалар өтінішті жазбаша нысанда немесе ЭЦҚ пайдалана отырып, БНЦЖ-дағы жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда беруге құқылы;

заңды тұлғалар, оның ішінде қаржы ұйымдары (екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және микрокредиттік ұйымдар) өтінішті ЭЦҚ пайдалана отырып, БНЦЖ-дағы жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда береді.

III. 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап Заңның 92-1-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша атқарушылық жазба борышкер – жеке немесе заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша жасалады.

Анықтама: Бұған дейін өндіріп алушының атқарушылық жазбаны жасау орнын таңдау мүмкіндігі болған: борышкер – жеке тұлғаға қатысты атқарушылық жазба оның тіркелген жері бойынша немесе шартта өзге мекенжай көрсетілмеген жағдайда тұрғылықты жері бойынша жасалуы мүмкін еді; борышкер – заңды тұлғаға қатысты – оның тіркелген жері, тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері немесе жылжымайтын мүлкінің орналасқан жері бойынша жасалатын.

2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап мұндай баламалы тәртіп алып тасталады. Осыған байланысты аумақтық әділет органдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде көрсетілген негіздер бойынша атқарушылық жазбаның жеке немесе заңды тұлға болып табылатын борышкердің нотариаттық әрекет жасалған күндегі жағдай бойынша айқындалған тіркелген жері бойынша ғана жасалуға тиіс екенін ескеруі қажет.

IV. Борышкердің міндеттемені орындамағанын жазбаша түрде мойындауына қойылатын талаптар нақтыланды.

Шарттың болуы және міндеттеменің туындағанын растайтын құжаттардың болуының өзі атқарушылық жазба жасауға жеткілікті негіз болып табылмайды.

Берешекті мойындау бір мезгілде мынадай мән-жайларды анықтауға мүмкіндік беруге тиіс:

  • берешектің бар болуы;
  • берешек мөлшері;
  • борышкердің өндіріп алуға жататын соманы мойындауы.

Бұл ретте жазбаша мойындау бір немесе бірнеше құжатта қамтылуы мүмкін.

Осылайша, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде борышкердің берешекті жазбаша түрде мойындағанын растайтын құжаттардың болуына және олардың мазмұнына ерекше назар аудару қажет.

V. Заңмен атқарушылық жазбаның көшірмесін БНЦЖ арқылы жіберу және оның жеткізілген фактісін міндетті түрде тіркеу талабы енгізілді.

Яғни, атқарушылық жазба жасалғаннан кейін борышкерге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және (немесе) 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі.

Анықтама түрінде: БНЦЖ хабарламаның жіберілгенін және жеткізілгенін тіркеуді қамтамасыз етеді.

Хабарламаны алғаннан кейін борышкер тиісті сілтеме арқылы eGov Mobile жүйесінде авторизациядан өтіп, БНЦЖ-дағы жеке кабинетінде атқарушылық жазбамен танысады.

Бұл механизм борышкерге тиісті түрде хабарлауды қамтамасыз етуге және оның хабардар етілген фактісін объективті түрде тіркеуге бағытталған.

Борышкер БНЦЖ арқылы келіспеу себептерін көрсете отырып, атқарушылық жазбаға қарсылық жіберуге құқылы.

VI. Заңға сәйкес, қарсылық хабарламаны алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде берілуі мүмкін.

Енді, егер сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қозғаған болса, атқарушылық жазбаға дау айту тек сот тәртібімен жүзеге асырылады.

VII. Атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға жіберу автоматтандырылды.

Егер көрсетілген мерзімде борышкерден қарсылық түспесе немесе нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тартса, өндіріп алушының өтініші негізінде атқарушылық жазба БНЦЖ арқылы мәжбүрлеп орындату үшін Атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АІЖ ААЖ) жіберіледі.

АӘО мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде нотариустың белгіленген әрекеттер реттілігін сақтауына және атқарушылық жазбаны мәжбүрлеп орындатуға жіберу үшін заңнамада көзделген негіздердің болуына назар аударуы қажет.