17 жастағы елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

17 жастағы елордалық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында елордалық спортшы Айша Әбдімәлік күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әйелдер күресінен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Астана қаласының спортшысы финалда Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатармен белдесті. Қарсыласы – 2025 және 2026 жылдардағы U17 Азия чемпионаттарының қола жүлдегері.

Айта кетейік, финалға дейін Айша Әбдімәлік Венгрия, АҚШ, Молдова және Грекия спортшыларын жеңіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.