2026 жылғы 14 шілдеде қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған электронды форматта ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуі Астана және Алматы қалаларында өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Өтініш қабылдау мерзімі: 10-13 шілде аралығы. Тестілеу күні: 14 шілде. Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады: сайтта тіркеліңіз; "Өтініш беру» басыңыз; «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз. «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу» басыңыз. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады: Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут); Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут); Жазылым – 2 тапсырма (50 минут); Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады.
Тестілеуге қатысу құны – 7 121 теңге.
Толық ақпарат: testcenter.kz сайтында «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.