Астанада «102» арнасына қоңырау шалған тұрғын полиция операторының ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, билік өкілін қызметтік міндетін атқару кезінде қорлағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу барысында оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген «Билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау» бабы бойынша сараланды.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен азаматқа 30 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы төтенше қызметтердің қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тәулік бойы қызмет атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ ведомство билік өкілін қызметтік міндетін орындау кезінде қорлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертті.