2026 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны алғаш рет бір айда 1 миллион адамнан асты. Бұл – елорда әуежайының бүкіл тарихындағы бір айда тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Мұндай тарихи көрсеткішке әуежайдың маршрут желісін жүйелі түрде дамыту, жаңа халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру нәтижесінде қол жетіп отыр. 2026 жылы Астана халықаралық әуежайының маршрут желісі жаңа халықаралық бағыттармен толықты. Ларнака (Кипр), Ұланбатыр (Моңғолия), Гуанчжоу (Қытай), Ереван (Армения) және Даламан (Түркия) қалаларына рейстердің ашылуы нәтижесінде халықаралық бағыттар саны 42-ден 47-ге дейін артты. Сонымен қатар жолаушыларға Қазақстан бойынша 18 ішкі бағыт қолжетімді» делінген әуежайдың баспасөз хабарламасында.