Әлеумет
Мемлекеттік рәміздер күні сәбилі болған ата-аналарға сыйлықтар табысталды
Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналарына құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева қатысты.
Мереке күні Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан жас аналарға құттықтау хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Іс-шараның мақсаты – рәміздер күнінің маңызын ұғындыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын елдік мүддемен байланыстыру.



