Білім

Инклюзивті кабинеттер ашылды

Астанадағы 5 мектепте жаңа форматтағы инклюзивті кабинеттер ашылды. Енді ерекше білім беруді қажет ететін 150-ден астам бала әдепкі мектептерде қатарластарымен бірге оқи алады.

№97 мектеп-гимназияда ашылған осындай инклюзияны қолдау кабинетінің бірін бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен аралады. Жаңа сипаттағы тиісті сыныптар №22 мектеп-гимназияда, №36 орта мектепте, Қ. Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейде және Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейде де жабдықталды. Игілікті іс Қор ұйымдастырған қайырымдылық марафоны кезінде жиналған 126,7 миллион теңгеге атқарылғанын атап өткен жөн. Бұл қаражатқа мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар, жиһаз бен оқу-әдістемелік кешендері сатып алынды және мамандар даярланды.

Инклюзияны қолдау кабинеті жаңа модельде Қор және инклюзия саласындағы мамандармен әзірленген.  Сыныптар екі бөлек кеңістіктен тұрады: психолог, дефектолог, логопед және қыш бұйымдарын жасау кабинеті үшін open space түріндегі кең бөлмелер, сонымен қатар емдік дене шынықтыру кабинеті. Бөлмелер аумағы кемінде 60 шаршы метрді құрайды. Бұл сәйкесінше балаларға ыңғайлы да жайлы жағдайда сабақ өткізуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды кешенді түрде қолдап келеді. Қазақстан өңірлерінде 42 оңалту орталығын, 10 спорт кешенін аштық. Бейімделген спорт секцияларына 1000-нан астам бала қатысады. Мүгедектігі бар жастарды цифрлық кәсіптерге оқытуды бастадық. Осылайша адамдарға туғанынан бастап көмек көрсетіп, олардың қоғамда әлеуметтенуіне барлық жағынан ықпал етеміз», — деді Нұрлан Жақыпов.

Бұл ретте оқытушылар мен мамандар оқудан өтіп, оларға жыл бойына әдістемелік қолдау көрсетіледі. Инклюзияны қолдау кабинеттерін құру жобасын «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүзеге асырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button