Ел тынысы

Халықаралық симпозиум – ғылыми және гуманитарлық диалог алаңы

Халықаралық симпозиум Алтын Орда мұрасын зерттеудің өзекті мәселелерін талқылау үшін түрлі елдердің жетекші ғалымдарын, археологтарын, тарихшыларын және сарапшыларын біріктірді.

Негізгі назар Жошы Ұлысының саяси, экономикалық, мәдени және рухани мұрасына, сондай-ақ оның қазіргі Еуразияның дамуына ықпалына аударылды. Симпозиум аясында Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Экспозицияға археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған.

Көрме мемлекет пен билік, дала сәні мен киімі, әскери іс, көшпелі және қалалық өркениеттердің өзара ықпалдастығы, мәдениет, ғылым және өнер бағыттарын қамтиды. Интерактивті картада 70 археологиялық және сәулет ескерткіші ұсынылған, оның ішінде 17 нысан толық сипаттамаларымен және 3D-визуализациясымен берілген.

Орталық экспонаттардың қатарында «Шежіре хандар» қолжазба шиыршығы, Каталон атласы, хандардың генеалогиялық ағашы, монеталар мен жазба дереккөздер бар.

Нұрлан Әуесбаев, 

мәслихат депутаты 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button