Елорда тынысы

Елордалық мектепте инклюзияны қолдау кабинеті ашылды

К.Мыңбаев атындағы № 59 мектеп-лицейінде инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Осыған ұқсас кабинеттер елорданың тағы бірнеше білім беру мекемелерінде жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жаңа форматтағы осындай инклюзивті сыныптар № 22 мектеп-гимназиясында, № 97 мектеп-гимназиясында, № 36 орта мектепте және Қ.Мыңбаев атындағы № 59 мектеп-лицейінде жұмыс істейді. Енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150-ден астам бала құрдастарымен бірге қарапайым мектептерде оқи алады.

Бірнеше аймақтан тұратын инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуына «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхамеджан Болысбек, «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік фондың бас директоры Альфия Адиева қатысты.

Бұдан кейін ата-аналар мен балалар логопед, психология кабинеттерін аралап, қыш бұйымдарын жасау, емдік дене шынықтыру бойынша жеке бөлмелердің жұмыстарымен танысты.

«Бүгінгі ана мен баланың қуанып, жүздерінен үміт отын көріп жатырмыз. Мұнда арнайы оқытудан өткен білікті мамандар жұмыс істейді. Мақсатымыз әрбір баланың аяқтан тұрып кетуіне жағдай жасау», — дейді мектеп директоры Гүлжазира Сұлтанова.

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру кабинеттерінің саны 46 бірлікті құрады.

Кабинеттердегі мұғалімдер балалардың функционалдық бұзылыстарын жою немесе азайту, олардың мектеп ортасына интеграциялануға физикалық және әлеуметтік тұрғыдан дайын болуына көмектесу үшін жұмыс істейді. Балаларға қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар үйретіледі. Әр бала үшін жеке даму бағдарламасы жасалады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button