Ел тынысы
Елорда тұрғындарына «Жеңіс лентасы» таратылды

Сарыарқа ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған патриоттық акция өтті. Іс-шара аясында аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арнайы әзірленген «Жеңіс ленталары» сыйға тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жеңіс ленталары Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының түсіне сай әзірленіп, ұлттық ою-өрнектермен безендірілген.
Сонымен қатар, ленталарда «Ұлы Жеңіске – 80 жыл» деген жазу мен Мәңгілік оттың бейнесі салынған. Бұл – еліміздің бейбіт өмірін қамтамасыз еткен батыр бабаларға деген тағзым мен құрметтің белгісі.
Аталған акцияның мақсаты – Отан үшін жан аямай күрескен майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу, жастар арасында патриоттық рухты нығайту және тарихи жадымызды сақтау.