Ел тынысы

«Астана бас жоспары» мекемесіне Беларусь Республикасынан делегация келді

Делегация құрамына Гродно облысы бойынша «Госстройэкспертиза» мекемесінің 5 сарапшысы, сондай-ақ Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрлігіне қарасты халықаралық ақпараттық-талдау орталығының қызметкері кірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іскерлік сапардың басты мақсаты – тәжірибе алмасу, оның ішінде Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша кәсіби тәсілдермен алмасу.

Делагацияны жылы қарсы алғаннан кейін «Астана бас жоспары» мекемесінің мамандандырылған шеберханасының басшысы Мәулет Әлібаев бас жоспармен таныстырды.

Ол елорданы Астана қаласына көшіру тарихы, сондай-ақ қаланың қалыптасуы мен дамуына байланысты қала құрылысы шешімдері туралы айтып берді. Негізгі назар тәсілдер мен әдістерге аударылды, соның ішінде бас жоспарды әзірлеу кезінде қаланың климаттық, экологиялық және демографиялық ерекшеліктері қалай ескерілгені түсіндірілді. Карталарды көрсете отырып көлік инфрақұрылымының дамуы, әлеуметтік, білім беру, медициналық нысандардың құрылысы, сондай-ақ көгалдандыру және абаттандыру бойынша да ақпарат берілді. Одан басқа, бас жоспардың мамандандырылған шеберханасының басшысы делегацияға сәулеттік нысандарды салу үшін инвестиция тарту жолдары туралы да айтып берді.

Қонақтардың ерекше назарын қаламыздың макеті аударды. Институт мамандары шетелдік әріптестерді онымен таныстырып, елорданың одан әрі даму жоспарларымен бөлісті.

Одан кейін Институттың бас маманы Гүлдана Әбіш көгалдандыру және абаттандыру бойынша қала әкімдігі сәтті жүзеге асырған жобаларды таныстырды. Өз кезегінде қонақтар осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға таңданысын да жасырмады.

Кездесу еркін форматта өтті: шетелдік әріптестер екі қаланың климаттық жағдайларын және орналасуын салыстыра отырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Оларға жан-жақты жауаптар берілді.

Қонақтар Институт қызметкерлеріне жылы қабылдағаны және берген ақпараты үшін алғыс жеткізді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button