АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

0 134

Ұлы Отан соғысының 67 жылдығына арналған «Қаһармандарға –тағзым» халықаралық байқауы мәресiне жеттi.
Астана қаласындағы Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне арнал­ған орталық клиникалық госпи­таль ұйымдастырған шараға Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан қылқалам шеберлерiмен бiрге, елiмiздiң әр аймағындағы өнер өкiлдерi қатысты.

Үздiк деп танылған 67 көркем туынды госпитальдың қорында сақталмақшы. «Оралу», «Хас батыр», «Қоштасу», «Әлия», «Еске алу», «Ауылдан хат», Соғыстан хат», «Жау талқандалды», «Бұйрық», «Сағыныш», «Жеңiс күйi» сынды шығармалардың бәрi елдiк пен ерлiктi, соғыс пен бейбiтшiлiктi арқау еткен.
Салтанатты шара шеңберiнде Ұлы Отан соғысына арналған кiтаптар көрмесi және Ақмолада жасақталған №4 дивизияның соғыс жолындағы құжаттары халыққа көрсетiлдi.
Шараға қатысқан туынды авторлары мен жеңiмпаздарына арнайы сыйлық пен сертификаттар тапсырылды.

*Сүбелi сөз

Әдiлхан АБДУЛИН,
Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне арналған орталық клиникалық госпиталь директоры:

–Бейнелеу өнерiнiң шеберлерi қатысқан байқау жоғары деңгейде өттi деп ойлаймын. Ардагерлер мен қонақтардың құрметiне мерекелiк концерт ұйымдас­ты­рылып, ақ дастархан жайылды. Қандай құрмет көрсетсек те, бәрiне лайық ардагерлерiмiз арамызда аман жүрсiн.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + seven =