Әлеумет
Сарыарқалық балалар елорданы қосқабатты туристік автобуспен аралады
Астанада Сарыарқа ауданы әкімдігінің бастамасымен Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ауданның белсенді өнерпаздары мен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға арналған экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Балалар елорданың көрікті жерлерін қосқабатты туристік автобуспен аралап, ерекше әсерге бөленді.
Экскурсия барысында қатысушылар қаланың басты сәулетті нысандарын тамашалады. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Орталық мешіт және өзге де көрікті орындар көрсетілді.



