Ел тынысы
Астанада урбанистика мәселелері бойынша форум өтті

Астанада урбанистиканы дамыту және өңірлерде Урбанистика орталықтарын құру мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Семинар-кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысты.
Форум барысында Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде көзделген жаңа тәсілдер, өңірлік дизайн-кодтарды дамыту, елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру мен кешенді дамытуға арналған заманауи тетіктер талқыланды.
Қатысушыларға елорданың урбанистика саласындағы тәжірибесі, қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында жүзеге асырылған жобалар және қалалық ортаны одан әрі жетілдірудің перспективалық бағыттары таныстырылды.



