Құқық

Денсаулық сақтау саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар талқыланды

Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімі орынбасарының төрағалығымен денсаулық сақтау саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар мен өзге де заң бұзушылықтарға ықпал еткен мәселелерді жою туралы ұсынысты қарау бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кеңеске Астана қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының бастығы Олжас Жаппаров, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, сондай-ақ ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың басшылары мен басшы орынбасарлары қатысты.
Кездесу барысында елорданың медициналық ұйымдарының бірінде бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілері бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері негізінде енгізілген Астана қаласы прокуратурасының ұсынысы қаралды. Прокуратура мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал сомасы 672 млн теңгеден асқан.

Кеңес аясында ішкі қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы комплаенс-қызметтер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша ведомстволық бақылауды күшейту, қаржылық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу бойынша қосымша шаралар айқындалды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button