Uncategorized
Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Астанада 27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.
1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі: • ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; • №065/у нысанындағы медициналық анықтама; • №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты; • 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет. Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.



