Ел тынысы

Мақпал Жұмабай: Дүние қозғалысын күрт жылдамдатқан сонау заманалардағы тарихымыздың жалғасы

Алтын Орда симпозиумының құндылығы — әлемдік ауқымдағы мұраны жүйелеуге серпін беретін платформа сипатында өтуі. Жиынның UNESCO аясында ұсынылуы да осы ойды ұштағандай.

Президенттің бүгінгі сөзінің өзегі — бейбіт күннің жасампаз тарихы мен адамзатты ізгілікке бастаған тәжірибелеріне арқа сүйеуге шақыруы болды. Бұл идея өз аясына бейбітсүйгіш жастар мен дегдар ой иелерін жинары сөзсіз. Әсіресе, әлемді соғыс елесі қайта кезген осы шақта бұл ой өте өзекті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Алтын Орда тарихын — сан-салалы мәні бар өркениет қатпарлары қалыптасқан кезең ретінде тануға үндеді. Әл Фарабиден Қожа Ахмет Ясауиге дейінгі, Ақсақ құлан күйінен Абай мұраларына дейінгі аралықтағы даму тарихымыздың ең ізгі, сәулелі тұстары көз алдыма келді. Алтын Орда да — ат жалындағы өркениетті жасаған, жылқы жануарын қолға үйретіп, дүниенің қозғалысын күрт жылдамдатқан сонау заманалардағы тарихымыздың жалғасы емес пе?!

Бүгінгі Президент сөзі — ғасырлар бойы бір-біріне тұтаса жалғанған ақыл-ой мен ілім-білімнің үздіксіз жалғасы болу сезімін сыйлады, сол принципті алға шығарды. Бұл ұстаным зияткерлік жолды таңдаған әр жасқа, соның ішінде маған да терең ой салып, қанат бітіріп жатқаны рас.

Мақпал Жұмабай, 

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық

орталығының басқарма төрағасы 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button