Ел тынысы

Астанада Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Олжас Сүлейменов – әлемдік тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрмеге ақынның 50-ден астам еңбегі қойылған. Олардың қатарында «Аз и Я», «Таңбалар тілі», «Преодоление», «Стихи разных лет», «Литература – это жизнь», «Айналайын» және өзге де туындылары бар.

Сонымен қатар оқырмандар QR-қосымша мен Kazneb ұлттық электронды кітапханасы арқылы ақынның әдеби мұрасымен, тіл білімі мен тарихқа қатысты зерттеулерімен таныса алады.
Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button