«Ұлттық қолөнер және бейнелеу өнері мектебі» жобасы іске қосылады

Қазақстанда «Ұлттық қолөнер және бейнелеу өнері мектебі» жобасы іске қосылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
⠀
Бұл қор ұлттық қолөнер шеберлерінен өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды. Жоба қазақ халқының сирек кездесетін және ұмыт бола бастаған қолөнер түрлерін сақтау мен дамытуға бағытталған.
⠀
Жобаға жойылып кету қаупі бар, сақтауды және одан әрі дамытуды қажет ететін сирек кездесетін әрі бірегей қазақ қолөнері түрлерінің өкілдері — киіз және тоқыма өнері, былғары өңдеу, зергерлік өнер, ұлттық музыкалық аспап жасау, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатыса алады. Іріктеуден өткен шеберлер жоба аясындағы білім беру бағдарламаларына қатысады.
⠀
Өтінім қабылдау 2026 жылғы 31 мамырға дейін жалғасады. Қатысу үшін профильдегі сілтеме арқылы электронды форманы толтырып, портфолио ұсыну қажет. Портфолионы Instagram-парақшаға сілтеме, бейневизитка, PDF форматындағы презентация, жұмыстардың фотосуреттері немесе жүзеге асырылған жобалардың тізімі секілді форматтардың бірінде ұсынуға болады



