Прокурорлар психологтармен бірлесіп ата-аналарға профилактикалық семинар ұйымдастырды

Іс-шара отбасылық құндылықты нығайтуға, ата-аналар мен балалар арасындағы салауатты қарым-қатынасты қалыптастыруға, сондай-ақ отбасылық жанжалдар мен зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталды.
Семинар барысында психолог мамандар ата-аналарға балаларға эмоционалдық қолдау көрсетудің маңыздылығы, отбасында сенімді қарым-қатынас орнату, жанжалдардың алдын алу тәсілдері және үйде қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу, өзара түсіністікті сақтау және жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге дер кезінде назар аудару бойынша практикалық кеңестер берілді.
Іс-шара аясында қатысушыларға құқықбұзушылықтың алдын алуға және жастардың құқықтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Тоғыз тағдыр» сериалы көрсетілді.
Астана қаласының прокуратурасы отбасы институтын қолдауға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды жалғастырады.



