Құқық

Есіл ауданы прокуратурасы ата-аналармен профилактикалық кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың интернет қауіпсіздігі мәселелері бойынша ата-аналармен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында қатысушыларға балаларды зиянды контенттен, кибербуллингтен, интернет-алаяқтықтан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғау мәселелері түсіндірілді. Балалардың мобильді құрылғыларды пайдалануына және әлеуметтік желілердегі белсенділігіне ата-аналық бақылау жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған SIM KIDS жобасы таныстырылды. Жоба қажетсіз интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеуге және ата-аналардың баламен тұрақты байланыста болуына мүмкіндік береді.

Астана қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button