Құқық

Елорда прокурорлары 8-сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері Есіл ауданы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторымен бірге қаладағы №75 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Іс-шара барысында оқушыларға әкімшілік заңнама нормалары, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Жасөспірімдерді құқыққа қарсы әрекеттерге тартуға жол бермеу және қауіпсіз мінез-құлық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Астана қаласының прокуратурасы жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button