Әлеумет

Астана тұрғындарына өрттің шығу қаупі басым кезеңде сақ болуы ескертілді

Астана қаласы ТЖД өрт қауіпті кезеңде сақ болуға шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі ескертіледі. Ауа райының ыстық әрі желді болуы өрттің тез таралуына себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға:

* құрғақ шөп пен қоқысты жақпау;
* табиғат аясында отты қараусыз қалдырмау;
* шыны бөтелкелер мен жанғыш заттарды ашық жерде тастамау;
* балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру;
* өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлау ұсынылады.

Өрт қауіпсіздігіне бейжай қарамау — адам өмірі мен табиғатты сақтаудың маңызды кепілі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button