Құқық

Әкімшілік сот өндірісінде заңға тәуелді норамативтік құқықтық актілердегі өзгерістер қандай?

2025 жылы 17 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығына сотта дау айту тәртібі өзгертілген.

Нақтырақ айтқанда, Азаматтық процессуалдық кодексінің 30-тарауы «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу» жойылып, аталған істер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ары қарай — ӘРПК) 26-1-тарауына «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы әкімшілік істер бойынша іс жүргізу» өткізілген.

Осыған орай, заң шығарушы аталған санаттағы дауларды қарау нақты әкімшілік сот өндірісінде бекітіп, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарының құзыреттілігіне жатқызған.

ӘРПК-ң 167-1-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің күші қолданылатын, қабылданған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актімен (оның ережесімен) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен заңды мүдделері бұзылады және (немесе) бұзылуы мүмкін деп есептейтін азамат немесе заңды тұлға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.

Талап қоюға дау айтылатын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) көшірмесі қоса тігіледі. Бұл ретте заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт ресми жарияланған жағдайда талап қоюда оның жарияланған күні көрсетіледі.

Сонымен қатар сотқа талап қоюды беру заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) қолданысын тоқтата тұрмайтындықтан, оның қолданылуы нәтижесінде болу мүмкін салдарларды талап қоюшылармен ескеруді қажет етеді.

Талап қоюды беру кезінде процессуалды маңызды ескерілетін шарт — заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің (оның ережелерінің) заңдылығына дау айту туралы талап қою осы актімен талап қоюшының Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны және (немесе) ықтимал бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа берілуі.

Демек бұл мерзімді өткізіп алу талап қоюдың қайтарылуына әкеліп соқтырады.

Сот актілерін талдау нәтижесінде талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға сотқа беру кезінде процессуалды бұзушылықтарға жол беру немесе жалпы заңға қайшылықтардың болмауы негіз болып табылатыны көрсетті.

Мысалға, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылы 20 наурыздағы шешімімен жеке кәсіпкердің «Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс орналастыру Қағидаларының» (Мәдениет және спорта Министрінің бұйрығы №122 от 28.04.2021 жылы) кейбір нормаларын заңсыз деп тану туралы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот талап қою тиісті емес жауапкерге берілгендігін және заңға тәуелді акт уәкілетті органмен ӘРПК-ң 7 және 11-баптарының талаптарына сай қабылданғанын көрсеткен.

Дегенмен сот тәжірибесінде заңды өрескел бұзатын және тікелей қайшы келетін заңға тәуелді актілердің де бары анықталды.

2026 жылдың 13 сәуірдегі сот шешімімен Оқу-ағарту Министрлігіне келтірілген 15.05.2025 жылғы №112 «Білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін сатып алу жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттаманы бекіту туралы» Бұйрықтың жекелеген нормаларын заңсыз деп тану талап қою қанағаттандырылған.

Дауланған норма еңбек ресурстарына — күзетші 25-тен 50 жасқа дейінгі аралықтағы жаста болу талаптарын бекіткен. Сот аталған норма Қазақстан Республикасы «Күзет қызметі туралы» Заңның 10-бабы 4-тармағына қайшы келетінін, яғни жеке күзет ұйымының күзетшiсi қызметiне 19 жасқа толған және күзетшiнiң арнайы даярлығынан (күзетшiнi оқытудың арнаулы курсынан) өткен азаматтар қабылдана алатыны анықтаған.

Демек жастың жоғары деңгейін орнату кемсіту болып табылатыны танылып, адамның және азаматтың құқықтары тек заңмен шектелуі мүмкін Конституциямыздың 39-бабы және Еңбек кодексінің 6-бабының 2-тармағы бойынша еңбек саласында жасына байланысты кемсітуге жол берілмейтіні туралы талабын бұзған.

Жоғарыдағыларды қорыта келе, сот заңға тәуелді актінің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмейтінін негізді шешімге келіп, талап қою қанағаттандырылған.

Орныққан сот тәжірибесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді даулау, оның заңсыздығын дәлелдеу барысында ӘРПК-ң процессуалдық талаптарын сақтау маңызды екенін көрсетеді.

Б. Зулпыхарова,

Астана қаласы прокуратурасының

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша

сот актілерінің, әкімшілік және атқарушылық

іс жүргізудің заңдылығын қадағалау

Басқармасының прокуроры                                                        

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button