Ел тынысы
Елордада өткен ауқымды көрмеде заманауи өрт сөндіру және құтқару техникалары таныстырылды
Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған ауқымды көрмеде ТЖМ заманауи өрт сөндіру және құтқару техникалары таныстырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ТЖМ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жауынгерлік, саптық және тактикалық даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Көрмеге келушілер заманауи өрт сөндіру техникаларымен, биік ғимараттарда жұмыс істеуге арналған автосатымен, кинологиялық бөлімшенің мамандандырылған автокөлігімен, сондай-ақ роботтандырылған кешендермен, ұшқышсыз жүйелермен және азаматтық қорғаудың арнайы құралдарымен танысты. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жоғары жылдамдықты аэроқайық ерекше қызығушылық тудырды.



