Ел тынысы

Жеңіс күні қарсаңында жүздеген жас жеңілатлетикалық эстафетаға қатысты

Жеңіс күніне орай және «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елордалық Триатлон парк аумағында дәстүрлі жеңілатлетикалық эстафета ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарысқа Астанадағы жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, колледж оқушылары мен мектеп оқушылары қатысты. Эстафета жүздеген жастың басын қосты.

Ұйымдастырушылар жалпы ұзындығы 2,4 шақырым болатын динамикалық трасса әзірледі. Қашықтық 14 кезеңге бөлініп, әр қатысушыдан жоғары жылдамдықпен қатар эстафета таяқшасын дәл әрі үйлесімді тапсыру талап етілді.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы жауапты дирекциямен бірлесіп ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар салауатты өмір салтын насихаттаудың және жастар арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді жолы саналады. Ал «Заң мен тәртіп» акциясы спорттық бәсекеге үйлесімді түрде қосылып, қазіргі жастар өміріндегі тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын айқындай түсті.

Әрбір жарыс жанкүйерлердің белсенді қолдауымен өтіп, нағыз спорт мерекесінің атмосферасын қалыптастырды.

Іс-шара жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button