Әлеумет

Астанада әртүрлі өңірлерден келген кәсіпкерлердің қатысуымен жәрмеңке өтті

Елордадағы Keryen Joly сауда орталығы аумағында осы демалыс күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеде Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан, Павлодар және өзге де облыстардан келген 30-ға жуық кәсіпкер өз өнімдерін ұсынып отыр.

Сатып алушылар көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, шырындарды, тосаптарды және басқа да көптеген тауарды тиімді бағада сатып ала алды.

Мұндай жәрмеңкелердің өткізілуі бағаның өсуін тежеуге және жергілікті өндірушілерді қолдауға көмектеседі.  Орта есеппен, жәрмеңкеге бір күнде 7-10 мың адам келеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button