Құқық

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу басталды

  «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті» РММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті (бұдан әрі – Департамент) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 12 мамырдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 12 мамырға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын проблемалық мәселелерді (нормативтік құқықтық актілерде, жұмыс процестерінде және т.б.) төмендегі бағыттар бойынша жолдауларыңызды сұраймыз:

1) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша – электрондық мекенжай: a.melleshov@enbek.gov.kz, жұмыс телефоны: 8-7172-24-83-19;
2) МӘС мәселелері бойынша – электрондық мекенжай: k.ismailov@enbek.gov.kz, жұмыс телефоны: 8-7172-24-91-08;
3) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша – электрондық мекенжай: b.turekhanov@enbek.gov.kz, жұмыс телефоны: 8-7172-24-82-50.
Сұрақтар туындаған жағдайда жоғарыда көрсетілген телефон нөмірлері мен электрондық пошталарға хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button