«Balаskills» қалалық чемпионаты өтті

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арнап «Balаskills» қалалық чемпионатын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шараның мақсаты – ерте жастан кәсіптік бағдар беру және балалардың болашақта заманауи жұмысшы кәсіптерін игеруге қызығушылығын арттыруға мүмкіндіктер жасау және өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру.
Ережеге сәйкес, чемпионат 3 құзыреттілік бойынша өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар анықталды. Жалпы 21 тәрбиеленуші қатысты. Оның ішінде 9 қатысушы жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Бала дизайнер құзыреттілігі бойынша:
• I орын – №94 «Сұңқар» Б;
• II орынын – №33 «Алтын дән» Б;
• III орын – №32 «Балдәурен» Б;
• Грамота – №45 «Самұрық» Б;
• Грамота – №82 «Айару» Б.
Бала аспаз құзыреттілігі бойынша:
• I орын – №32 «Балдәурен» Б;
• II орын – №45 «Самұрық» Б;
• III орын – №86 «Зияткер» Б;
• Грамота – №36 «Балапан» Б.
Робот құрастырушы:
• I орын – №82 «Айару» Б;
• II орын – №86 «Зияткер» Б;
• III орын – №94 «Сұңқар» Б;
• Грамота – №84 «Кәусар» Б;
• Грамота – «Uni Kids3» Б;
• Грамота – №32 «Балдаурен» Б;
• Грамота – №33 «Алтын дән» Б.



