Құқық

Елордада «Тұрақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Бұл заңбұзушылықтар 15-19 сәуір аралығында өткен «Тұрақ» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тіркелген. Астана қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Махамбет Төлешовтің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — жолдағы тәртіпті күшейтіп, апатты азайту, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Іс-шара барысында тұрақтарға көлікті дұрыс қоймау деректеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жол белгілері мен таңбаларын сақтамау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзу фактілері де жиі қайталанды, — деді ол.

Нәтижесінде жол белгілері мен таңбаларын сақтамаған 685 дерек тіркелген. Сондай-ақ 700-ден жүргізуші дұрыс тоқтамай, тұрақ ережесін бұзған.

— Көлік құралдарын тек арнайы белгіленген орындарға қою қажет. Тротуарларда, балалар және спорт алаңдарында, сондай-ақ арнайы техниканың жүруіне кедергі келтіретін жерлерде көлік қоюға болмайды, — деп атап өтті Махамбет Төлешов.

Полиция өкілінің мәліметінше, жыл басынан бері елордада 56,5 мыңнан астам тұрақ ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Оның ішінде 11 900-ден астам хаттама рәсімделген.

Қабылданған шаралар аясында 53 көлік айыптұраққа қойылып, 922 автокөліктің мемлекеттік нөмірлері алынып, пайдалануға тыйым салынды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button