Ел тынысы

Қазақстанда «Денсаулық құқығы» шығармашылық байқауы 1 мамырда басталады

Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының қамқорлығымен өтетін «Денсаулық құқығы» халықаралық шығармашылық байқауы 1 мамырда басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының шешімін іске асыру шеңберінде гуманитарлық және құқықтық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған «Денсаулық құқығы» халықаралық шығармашылық байқауы жарияланады.

Байқау ТМД-дағы Денсаулық сақтау жылы аясында өткізіледі және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың өз денсаулығын сақтауға деген жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы адам құқықтары туралы білімді насихаттауға бағытталған.

Байқауды ұйымдастырушы – ТМД-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы.

Байқауға ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында тұратын тұлғалар қатысуға шақырылады.

Байқау екі кезеңде өтеді:
ұлттық (іріктеу) – 2026 жылғы 1 мамырдан 31 тамызға дейін;
халықаралық (финалдық) – 2026 жылғы 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін.

Байқаудың ұлттық (іріктеу) кезеңі мемлекеттерде байқаудың халықаралық кезеңіне (финалына) қатысу үшін үздік авторларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Халықаралық кезеңге ұлттық (іріктеу) кезеңнің үздік жұмыстары қатысады – әрбір номинация бойынша әр мемлекеттен екі жас санаты бойынша 10 жұмыстан аспайды.

Байқаудың ұлттық (іріктеу) кезеңіне қатысу үшін қатысушылар ұйымдастырушыларға белгіленген нысан бойынша өтінім жолдайды.

Қатысушылардың өтінімдері жұмыстарымен бірге электрондық пошта press@ombudsman.gov.kz арқылы келесі номинациялар бойынша қабылданады:
🔵

«Үздік эссе»;

«Үздік бейнесюжет»;

«Үздік фотосурет»;

«Үздік сурет».

Байқау екі жас санатында өткізіледі: балалар (14 жасқа дейін) және ересектер (14 жастан жоғары), бұл оған қатысушылардың кең ауқымын тартуға мүмкіндік береді.

«Денсаулық құқығы» байқауының қағидаларымен Ережеден танысуға болады. Онда эссе, бейнесюжеттер, фотосуреттер мен суреттерге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталған.

Байқаудың халықаралық кезеңінің қорытындылары 2026 жылғы желтоқсанда ТМД-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының жетінші отырысында шығарылады.

Байқау қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, салауатты өмір салты құндылықтарын ілгерілетуге және ТМД-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық және адам құқықтарын қорғау салаларындағы өзара іс-қимылын нығайтуға арналған алаңға айналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button