Мәслихат депутаттары «Үркер» тұрғын алабында сенбілік өткізді
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында елордалық мәслихат депутаттары «Үркер» тұрғын алабында сенбілік өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бүл күні мұнда көптеген ағаш отырғызылып, саябақтар мен көшелер ретке келтірілді. Тұрғындар отбасыларымен бірге шығып, бастаманы бейжай қарамайтын азаматтар мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері белсенді қолдау көрсетті. Құрметті ақсақалдар дәстүрге сай ақ баталарын беріп, ізгі тілектерін арнады.
Сенбілік — тек тазалық емес. Бұл — бірлік, жылы қарым-қатынас және әрбір іс-әрекеттен көрінетін туған қалаға деген сүйіспеншілік. Әсіресе осындай шуақты көктем күндерінде оның мәні арта түседі.
Ортақ күш-жігердің арқасында Астана күннен-күнге көркейіп, аулалар жасыл желекке толып, жанданып келеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» экологиялық айлығына белсенді қатысуға шақырылады. Бұл үндеу өз қаласын шын жүректен сүйетін әрбір азаматтан қолдау табады деген сенім бар.



