Құқық

Қауіпті «қосымша табыс»: интернеттегі тапсырыс үкіммен аяқталды

 Астана қаласында «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы қосымша табыс іздеу барысында 2000 АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай сыйақы үшін қылмыс жасауға келіскен елорда тұрғынына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған тұлға үй ішінде адамдардың болғанына қарамастан, өз әрекеттерінің ықтимал салдарын түсіне отырып, алдын ала дайындалған жанғыш құрылғыларды тұрғын үйге қарай лақтырған. Осы арқылы азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Қылмыс оған байланысты емес мән-жайларға қатысты соңына дейін жеткізілмеген.

Сот оны бөтеннің мүлкін жоюға оқталу бойынша кінәлі деп танып, бұрын өтелмеген соттылығын ескере отырып, түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қала прокуратурасы әлеуметтік желілер арқылы ұсынылатын заңсыз әрекеттерге қатысу сөзсіз қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Күмәнді «қосымша табысқа» келісу арқылы азаматтар тек өз бостандығына ғана емес, айналасындағылардың өмірі мен қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button